Кәдімгі сарыбас жылан () – су жыланның бір түрі. Негізінен Еуропаның суларында тараған. Еуропаның батыс, шығыс аймақтарындағы және Алакөл ойысы мен Балқаштың оңтүстік өңіріндегі өзен, көл жағалаулары мен батпақтарда тіршілік етеді. Денесі біршама ірі, ұзындығы 1 м-ден асады, басының екі жағында ашық түсті үлкен дақтар анық көрінеді. Жылдың сегіз айында белсенді. Бір маусымда 6 – 18 жұмыртқа салады. Негізінен қорегін аулауға кешқұрым немесе түнде шығады. Балықтармен, қосмекенділермен, ұсақ құстар және кеміргіштермен қоректенеді. Усыз жылан, сондықтан адамды шаққаны қауіпті емес, бірақ балықтардың жас шабағын жеп, зиян келтіреді.

Тағы қараңыз Сарыбас жыландартәрізділер Жыландар ”Қазақстан Энциклопедиясы”

Суреттер

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Еуропадағы жыртқыштар мен амфибиялар жыртқыштар мен амфибиялар BBC Nature

Санат:Сарыбас жыландартәрізділер‎‎‎