Каменная – Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жаңаталап ауылының оңтүстік-батысында 22 км жердегі шоқылы тау. Терісаққан өзенінің аңғарында.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 259 м. Беткейі көлбеу, пішіні доға тәрізді келген. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2 км-ге созылған, енді жері 600 м шамасында. Бор жүйесінің шөгінділерінен құралған.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге аралас дала өсімдіктері өседі. Етегі шабындық.Қазақстан Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қобда ауданы таулары