Жылқыбай – Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы көл. Ауданның оңтүстігіндегі Игілік ауылынан солтүстікке қарай 21 км жерде, теңіз деңгейінен 305 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 14 км2, ұзындығы 7,6 км, енді жері 3 км-ге жуық. Ирелең келген жағалауының ұзындығы 33,5 км, ең терең жері 1,5 м, суының көлемі 8,2 млн. м3. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Жағалауы жайпақ, қамысты-құрақты келген. Суы кермек татиды, қуаң жылдары кеуіп қалады. Көл жағалауы мал жайылымына пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сарысу ауданы көлдері