Тамыздың 22 — Григориан күнтізбесінде жылдың 234-ші күні (кібісе жылдарда 235-ші). Жылдың аяғына 131 күн қалады.

Мейрамдар , Мемлекеттік байрақ күні

Оқиғалар 1846 — Нью-Мексико АҚШ құрамына қосылды. 1851 — Аустралияда алтын табылды. 1865 — Уильям Шепперд сұйық сабынға патент алды 1910 — Кореяның Жапонияға қосылу туралы келiсiм шартқа қол қойылды. 1989 — Қазақ тiлi Қазақстанда мемлекеттiк тіл болып жарияланды.

Дүниеге келгендер 1862 — Клод Дебюсси (1918), француз композиторы. 1874 — Макс Шелер (1928), неміс философы 1893 — Дороти Паркер (шын тегі Ротшильд) (1967), америкалық жазушы-әйел, ақын, журналист 1904 — Дэн Сяопин (1997), 1976 жылдан 1990 жылға дейін Қытай жетекшісі.

Қайтыс болғандар 1806 — Жан Оноре Фрагонар (1732), француз суретшісі. 1891 — Ян Неруда (1834), чех жазушысы. 1958 — Роже Мартен Дю Гар, француз жазушысы, 1937 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. 1978 — Иньяцио Силоне (1900), италияндық жазушы және саяси қайраткер.

Сыртқы сілтемелер

Санат:22 тамыз