Жүнжең – Ақмола облысы Жақсы ауданының батысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 394 м. Дөңгелене келген таудың ұзындығы мен ені 2 км шамасында. Солтүстік, солтүстік-батыс беткейі тіктеу, қалған беткейлері көлбеуленіп далаға ұласып кетеді. Бетеге, боз, селеу, көкпек, т.б. шөптесіндер өскен батыс бөлігімен автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер "Қазақ Энциклопедиясы"
Санат:Қазақстан табиғаты