Желаев қиыршықты құм кен орны - Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы жерінде орналасқан. Орал қаласының солтүстік-шығыс бағытында, Желаев ауылынан 1 км жерде. Ол қиыршықты құм кен орнына жатады.

Жатыс сипаты Пайдалы кенінің қалыңдығы 9-20 м. Құмы силикат кірпішін, ұяшықты құмтасты шығаруға жарамды. Қиыршықты құмының қоры 42,5 млн. м3, ал силикат кірпішін шығаруға жарамды майда құмының қоры 11,4 млн. м3.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, ISBN 9965-607-02-8Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Батыс Қазақстан облысы кен орындары