Жанарқыз – Зайсан көлінің оңтүстік-батысындағы төбе.
Жер бедері Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қара Ертіс аңғарында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктік 452 м. Пішіні дөңгелек тәрізді келген төбе Бозайғырқұм құмының солтүстік-батысында. Оңтүстігінде Қайнар бұлағы, солтүстігінде Ақтөбе төбесі, шығысында Ақжан құмы орналасқан.
Геологиялық құрылымы Төрттік кезеңінің ортаңғы шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Құмды, шалғынды сұр қоңыр топырақ жамылғысында қарабарақ, жусан, астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Зайсан ауданы таулары Санат:Төбелер