Жақсы Тағылы – Сарыарқаның оңтүстік бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерінде. Жақсы Сарысу, Қайрақты және Жаман Сарысу өзендері аралығында бойлық бағытта созылып жатыр.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1076 м. Ұзындығы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 35–40 км, ені 15–20 км. Аласа қырқалардан, күмбез және саңырауқұлақ тәрізді көптеген шоқылар мен төбелерден тұрады. Оңтүстік беткейі тіктеу, солтүстікке қарай көлбеуленіп жазықты белестерге ұласып кетеді. Беткейлері сай-жыралармен тілімденген.

Геологиялық құрылымы Девон мен тас көмірдің альбитофир, порфирит жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр қиыршықтасты топырағында қараған, тобылғы аралас бетегелі-бозды дала өсімдіктері өседі. Қысқы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары