Жабы, жабы жылқысы – байырғы қазақы жылқысының бір түрі.

Сипаты Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығысында өсіріледі. Денесі ірі, басы дөрекілеу, мойны қысқа, омыраулы, кеудесі кең, жоны жалпақ сауырлы, құйрық-жалы қалың әрі ұзын, денесі тығыз, етті болады. Салт мінуге де, жегуге де ыңғайлы. Әдетте торы және жирен түсті, сұр көк болады, қара түстісі сирек кездеседі. Алыс жолға төзімді.

Айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі - 144,8 см, тұрқы - 152 см, кеуде орамы - 179,1 см, жіліншік орамы - 19 см, орташа салмағы - 600 кг. Биесінің шоқтығына дейінгі биіктігі - 143 см, тұрқы - 149 см, кеуде орамы - 178 см, жіліншік орамы - 187 см; ораташа салмағы - 550 кг. Жабы Қазақстанның көптеген шаруашылықтарында ет үшін өсіріледі. Жайылымда жүргеннің өзінде әр биеден тәулігіне 11 — 15 л сүт саууға болады. Жайылымда семірген жабыдан 230 — 250 кг таза ет түседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жылқы тұқымдары Санат:Мал шаруашылығы