Құдайберген Жаңабергенов – (1937 қаңтардың 9-ында туған, Жаңақорған ауданы Екпінді ауылы) - физик, физика-математика ғылымдарының кандидаты (1971), педагогика ғылымдарының докторы (2000), профессор (2001). Халықаралық педагогика білім беру академиясының академигі (2003). ҚР білім беру ісінің үздігі.

Қысқаша өмірбаяны

1959 - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. 1966 – 1969 ж. Қазақстан ғылым академиясының ядролық физика институтында аспирант; 1970 – 1981, 1995 – 1997 ж. Қызылорда мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі; 1981 – 1993 ж. факультетт деканы, партбюро хатшысы қызметтерін атқарған.

Еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері «Қатты денелер физикасы», «Жоғары және орта мектепте физиканы оқыту әдістемесіне» арналған. 100-ден астам ғылыми еңбегі, 3 монографиясы, 4 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрген. Ы.Алтынсарин атындағы сыйлық лауреаты.Шығармалары: Физиканы оқыту әдістемесі. Оқу құралы, А., 1998.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысында туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:Қазақстан физиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері