Экологиялық психология — қоршаған орта мен адам арасындағы қарым-қатынастың психологиялық аспектілері туралы білім саласы. Экологиялық психология мынадай проблемаларды қарастырады: 1) адамның өзін қоршаған ортаны қабылдау ерекшеліктерін анықтау арқылы экологиялық сананы зерттеу және қоршаған ортаның қолайсыз дамуының субъект үшін мәнді факторларын саралау; 2) экологиялық мінез-құлықтың мотивациясын анықтау; 3) экологиялық дағдарыстың психологиялық зардаптарының заңдылықтарын талдау (психикалық денсаулықтың бұзылуы, қылмыстың көбеюі, демографиялық өзгерісте) және т.б. 4) насихаттың психологиялық құралдарын талдап белгілеу.Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

Дереккөздер

Санат:Жантану