Құстұмсық қаз– Cygnopsis cygnoides Linnaeus, 1758 Қаз тәрізділер отряды - Anseriformes Үйректер тұқымдасы - Anatidae

Статусы 1-ші санат. Сирек, жойылып кету қаупінде тұрған түр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Монотипті туыстың өкілі.

Таралуы Сахалин мен Оңтүстік Приморьеден Алтай мен Зайсан қазаншұңқырына дейін. Қытай, Корея мен Жапонияда қыстайды. XX ғасырдың басында Қазақстанмен шекаралас Укөк дөңінде, Қара Ертіс өзеннің атырабында, Ертіс бойымен Зайсан көлінен төмен және Семейден 25 км.жоғары, сол сияқты Оңтүстік Алтайда Марқакөлде ұялағанДолгушин, 1960. XX ғасырдың ортасында, Сырдария мен Әмудария өзен айрықтарында жиі кездесті, бұл жерлерде соңғы рет кездесуі 1962 жылы қазан айында байқалдыДолгушин, 1960Березовиков, Белялов, 1999.

Мекендейтін жерлері Алтайда жағалауларында тал өскен батпақты өзендердің жайылмалары бар жалпақ тау аңғарлары мен дөңдері. Тау көлдерінің шұңқырларында шырша мен қоңыр бас өскен бұдырлы жерлерде кездеседі. Жазықтағы өзендерде қалың қамыс өскен атыраптары мен жайылмаларда ұялайдыДолгушин, 1960 Брагин, Брагина, 2002.

Саны

XX ғасырдың 20-30-шы жылдарына дейін әдеттегідей болғанДолгушин, 1960Кошкин, 2007, бірақ 1949 – 1950 жылдары жекелеген жұптары Қара Ертістің атырабында ғана сақталып қалды. 1960-шы жылдары Бұқтырма суқоймасын салғаннан кейін және Қара Ертіс атырабындағы бұрынғы станциялар су астында қалған соң, оның саны өте қатты төмендеді. Қалған қутұмсық қаздар Зайсан қазаншұңқырының солтүстік-батыс бөлігіндегі далалық көлдерге қоныстарын ауыстырдыБерезовиков, Самусев, 1998, бірақ 90-шы жылдары бұл жерлерді де тастап кетті. 2000-шы жылға дейін Тораңғы бұғазында кездесті, бірақ аңшылар оларды жойдынаши данные. 2006-шы жылы маусымда Қара Ертіс атырабын зерттегенде онда табылмады, десе де аңшылар оларды көктем кезінде кездестіргенGilissen et al., 2002.

Негізгі әсер ететін факторлар

Ұялайтын және қыстайтын жерлерде аңшылардың аулауы, қолда өсіру үшін балапандарын ұядан алу. Суқоймаларын шаруашылық мақсатта игеру, қарқынды балық аулау, көбейетін жерлерде мазалау факторы, өрт, суқоймаларында су деңгейінің жиі – жиі өзгеруі.

Биологиялық ерекшеліктер

Жыл құсы. Наурыздың аяғында – сәуірдің басында ұшып келеді. Аралдарда және суқоймаларының жағалауларында жеке жұп құрып ұялайды. Ұяда 3-9 жұмыртқа болады, шайқауы 30 тәулікке созылады. Балапандары мамырдың аяғы мен маусымның басында пайда болады, шілденің екінші жартысында қанатына қонады. Қыркүйек-қазанда ұшып кетеді.

Қолда өсіру

Қазақстанның хайуанаттар парктерінде ұсталмайды.

Қабылданған қорғау шаралары Қазақстан және көршілес елдердің Қызыл кітаптарына тіркелген. ХТҚО-ң Қызыл кітабына, Қауіп төнуші құстар тізіміне, СИТЕС Конвенциясының 1-қосымшасына енгізілген

Қажетті қорғау шаралары Түрдің ұялайтын жерлері ретінде Қара Ертіс өзенінің барлық атыраптарын қосып Зайсан қорығын ұйымдастыру

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Құстұмсық қаздың сақталып қалған ұялайтын жерлерін анықтау және оларды қорғауға алу

Дереккөздер

Әдебиеттер: 1. Долгушин, 1960; 2. Сушкин, 1938; 3. Поляков, 1914; 4. Хахлов, Селевин, 1928; 5. Березовиков, Самусев, 1999; 6. Кашкаров, 1987. 7. Самусев, 1958; 8. Стариков, 2002; 9. Стариков, 2007;

Санат:Қазтәрізділер