Sveriges Television AB (SVT) — Швецияның ұлттық телевидениесі.
SVT Förvaltningsstiftelsen för Sveriges Radio AB тәуелсіз қорына жататын акционерлік қоғам болып табылады.
Sveriges Television Швецияның ең ірі телевизиялық желісі болып табылады, оның Швециядағы тыңдаушылар улесі 36,4 % құрайды.
Арналары мен бағдарламалары SVT1 — кең мазмұнды негізгі арна. SVT2 — мәдени бағдарламаларды хабарлайтын арна. SVT24 — кешкі кезде SVT1 және SVT2 арналарының бағдарламалары қайталанады, демалыс күндері — спорттық бағдарламалар және жаңалықтар көрсетіледі. SVTB — Barnkanalen — балаларға арналған арна.
Сонымен қатар SVT Норвеж хабар тарату бірлестігімен және Yleisradio Oy (YLE) компаниясымен бірігіп шығарылатын бағдарламалар хабарлайды.
Сыртқы сілтемелер
SVT television schedule SVT Play, a video on demand service SVT VODcasts
Санат:1979 жылы құрылған телекомпаниялар Санат:Sveriges Television Санат:Швеция телевидениесі Санат:Қоғамдық таратушылар