thumb|right Шапан — қазақтын ежелгі әрі кәделі әрі сыйлы киімі.Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.—Алматы:«Алматыкітап» ЖШС, 2006. —384 бет, суретті. Кенжеахметулы С.ISBN 9965-24-751-X Ол Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық киімі болып табылады. Оны қалың матадан арасына жүн, мақта салып, астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан, қималы шапан деп бөлінеді. Қыз-келіншектерге арналған қималы шапанды түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі кестеленген немесе зер ұсталған жадағай (арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп сатылады. Қазақ халқының арасында сыйлы адамдарға сыйлық ретінде шапан кигізу дәстүрі кең тараған.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Құрылымы мен материалы Шапан — ұзын, кең, жеңі мол сырт киім. Ол жүн, мақта немесе жібек матадан тігіледі. Іші көбінесе астарлы болады. Ер адамдар да, әйелдер де киеді, бірақ пішімі мен өрнегі әртүрлі.

Мәдени маңызы Шапан – құрметтің белгісі. Ерте кезде шапан сыйлау – үлкен мәртебе саналған. Атақты билер мен ақындарға, батырларға шапан жабу дәстүрі болған.

Дереккөздер

Санат:Үй тұрмысы Санат:Тұрмыс