Сірне, азықтық - қант өндірісінің азықтық қалдығы, мелясса. Қант қызылшасынан қантты шайғанда - сүзбе (жом), оны тазартқанда - сірне түріндегі қалдықтары мал азығына жұмсалады. Сірне құрамының жартысына жуығы қант пен пектиндік заттардан тұратындықтан, оны мал тәбетін ашып, басқа азықтардың желінуін жақсартатын жеңіл қорытылатын дәмдік қосынды ретінде пайдаланады.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы. Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6
Дереккөздер
Санат:Мал шаруашылығы