Шаған – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Жаңасемей, Абай, Бесқарағай аудандары жерімен ағады.

Бастауы Сарыарқаның шығысындағы Ханшыңғыс жотасының батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Шаған ауылы тұсында Ертіс өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 295 км, су жиналатын алабы 25,4 мың км2. Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменде кең, жазық. Жағасы көбінесе тік жарлы. Қар және жер асты суымен толығады. Басты саласы — Ащысу. Көктемде тасып, жазда ағыны таулы бөлігінде ғана сақталады, жазықта қарасуларға бөлініп қалады. Қарашада қатып, сәуірдің басында мұзы түседі. Көп жылдық орташа су ағымы 3,9 м3/с, лайлылығы 50 — 200 г/м3. Мал, егін, шабындық суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы