8 аяттан тұрады.
Аяттың жуық аудармасы Халифа Алтай бойынша:
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын.
Кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, өздеріне бір ашық дәлел келгенге дейін қарсылықтарынан айрылмақшы емес еді. (Ал бұл дәлел) тап-таза нұсқаларды оқитын Алла тарапынан жіберілген бір Пайғамбар (еді). Ол нұсқаларда ең тура үкімдер бар. Дегенмен өздеріне кітап берілгендер, оларға ашық дәлел келгеннен кейін-ақ бөлінді. Олар; ғибадатты, нағыз Аллаға шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы, тұп-тура дін. Сөз жоқ, сондай кітап иелерінен, мүшріктерден қарсы шыққандар, мүлде тозақ отында қалады. Міне солар, жаратылғандардың жауызы. Күдіксіз сондай иман келтіріп, түзу іс істегендер; міне солар, жаратылғандардың жақсысы. Олардың Раббыларының қасындағы сыйлықтары; астарынан өзендер ағатын Ғадын жаннаттары. Олар онда мүлде қалады. Алла олардан разы, олар Алладан разы. Осы сыйлық Раббынан қорыққан кісі үшін.
Сілттемелер
Санат:Құран сүрелері