Ислам халифаты — Ислам дінін ұстанған елдерді біріктірген мұсылман мемлекеті. Оны Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) қайтыс болуынан кейін халифалар басқарды. Халифат алғаш рет 632 жылы құрылып, Бағдад қаласы оның астанасына айналды. Уақыт өте келе халифат бірнеше бөлікке бөлінді. 1258 жылы моңғолдар Бағдадты жаулап алғаннан кейін халифат толықтай ыдырады.

Тағы қараңыз Халифа Омейя халифаты Аббас халифаты Осман халифаты

Санат:Ислам тарихы Санат:Мұсылман әлемі Санат:Теократиялық мемлекеттер

Араб халифатының құрылуы 632 жылы Мұхаммед Пайғамбар дүниеден өткеннен соң қауым басшысы болып Мұхаммед Пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу Бәкр (632–634 жылдары) жарияланды. Ол “Халиф” (орынбасары) деген атақ алды.

Бұл мазасыздыққа толы кезең еді. Жан-жақты Мединаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан жалған пайғамбарлар шыға бастады. Осындай мазасыз кезеңнен кейін араб жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде “Ар-Рида”, яғни, “дінінен безу”, “дінінен бөліну” деген ұғымдар пайда болады. Ал шын мәнінде ол “діннен безгендер” деп саналған тайпалар әлі Ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы Мұхаммед Пайғамбар дүние салған кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан көрі ол дінді әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері өздерінің бұрынғы нанымдарында қалғанымен, Мединалық қауымның саяси билігін мойындады.

Енді біреулерінің арасында Ислам дінін қабылдап, Мединаның ықпалына бағынуды жақтайтын топтар болды. Сондай-ақ, Ислам туралы хабары жоқ, Мединалық қауымның ықпалын сезінбеген тайпалар да болды. Л.Кэтани Аравия тайпаларын олардың Ислам дініне қатынасы жағынан төрт категорияға бөледі:

1 – категориясына Ислам дінін қабылдаған Мекке-Мединалық қауым басшылығының қол астындағы тайпалар жатады. Бұл негізінен Мекке мен Мединада, сол қалалардың жақын маңында тұратын Джухейн, Мувейн, Бали, Асджа, Аслале, Аузейя, Хуза және т.б. ұсақ тайпалар болды.

2 – категорияның құрамына Орталық Аравияның Хавазин, Амир ибн-сасааб, Тайб, Сулейм тайпалары кірді. Бұл тайпаларға Ислам дінін қабылдағандардың ықпалы зор болды. Бірақ олардың арасында кішігірім топтары Медина ықпалына қарсы-күресте өте зор белсенділік танытты.

3 – категориядағы Ислам дінін ұстанушылар ықпалы енді тарап келе жатқан тайпалар кірді. Бұл тайпалардағы мұсылмандар өте аз болды. Бұл асад, гатафан, тамим тайпалары.

4 – категорияға өздерінің саяси және идеологиялық тәуелсіздігін сақтап қалған тайпалар енді. Олар: ал–Исламдағы Ханифа, Абд ал–Кайс, Азад тайпалары, Йемен мен Хабрамауттағы тайпалардың көпшілігі. Ал христиан дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін өкілдері ешқандай ықпал еткен жоқ. Бұл Келб, Кудао, Бахра, Гассан, Бекр ибн-Вайл,Танух, Таглиб тайпалары еді.

Сондай-ақ Махарадағы, Йемен мен Хадрамауттағы кейбір политеисттік бағыттағы тайпаларда Ислам дініне еш қатысы болмады. Бірақ, бұл соңғыларына Иудейлік діннің ықпалы күшті болды.

Бұл тайпалардың саяси және идеологиялық тәуелсіздігін қолдағандар жергілікті әулиелер мен жалған пайғамбарлар болды. Олардың кейбіреулері өз насихатын Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ жүргізді.

Ислам дініне қарсы күресті Йемама өңірінде Мусейлима есімді жалған пайғамбар белсенді түрде жүргізді. Мединалық Ислам діндегілердің үстемдігіне қарсы Орталық Аравиядағы Асад тайпасының күресін Тулейха басқарды. Ол Исламға қарсы күресін Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ бастаған болатын. Мұхаммед дүниеден өткеннен кейін Фазада, Тайм тайпаларының қолдаушылығына ие болды. Халид ибн ал-Валидтің әскері Тулейха жасағының тас-талқанын шығарды.

Тулейха қашып құтылды. Кейін ол Ислам дінін қабылдап, араб жаулап алушылықтарына белсене қатысты. Сөйтіп, “ар-рида” діннен безу емес, тек көпшілік тайпалардың жаңа Ислам дінін бірден мойындамауы, оған алғаш қарсылық көрсетуі болды.

“Ар-рида” екінші жағынан барлық араб тайпаларын Медина-Меккелік қауымының билігіне бағындырып, оларды азат ету соғыстарына тарту болды. Барлық араб тайпаларын біріктіру екінші тақуа халиф Омар ибн ал-Хаттабтың (634–644 жылдары) тұсында аяқталды.

Ортағасырлық араб тарихнамасында Араб Халифатының құрылуы, яғни жаулап алынған жерлерде бір орталыққа бағындырылған үкіметтің құрылуы осы тақуа халифтың білікті де шебер, данышпан басшылығының нәтижесі деп көрсетілді. Ол өте ақылды, әділетті, қарапайым, белсенді, әскер басшы болған. Ислам діні мен мұсылмандар мүддесіне жан-тәнімен беріліп, адал қызмет еткен. Омар мұсылманша жыл санауды, яғни Хиджраны енгізген.

Омардың тұсында диван құрастырылған. Ол парсы сөзі, “тізімі” дегенді білдіреді. Ол тізімге жаулап алынған жерлерден салық жинауға құқысы бар жеке адамдар мен тайпа аттары енген. Жаулап алынған жерлер сол тізімге енгендер арасында бөлініп, ол жерде отырған елден “харадж” деген адам басына жер салығы жиналатын. Ол салықтан түскен табыс мұсылмандар арасына тең бөлініп таратылған.

Диванның ең алғашқы бөлігінде Мединалық қазынаға және аймақтардағы бейт пен ал-малдарға барлық жиналған салықтың бесі бірі түсіп отырды.

Әскердегі қызметін арабтар өздерінің құрметті борышы деп санады. Ислам әскері араб тайпаларының жасақшыларынан тұрды. Арабтар көбінесе өздерінің әскери лагерлерінің қасына жергілікті халықтарды қоныстандыра бастады. Олар арабтарға қызмет етіп, тауып жатқан олжаларынан үлес алып, күн көретін. Араб әскери лагерлерінің маңына қолөнершілер мен малайлар, ұсақ-түйекпен сауда-саттық жасайтындар қоныстанатын. Мұсылман-жаулап алушылар тек христиан, иудей діндегілерге ғана емес, сондай-ақ зороастризм діндегілерге де, манихейлер мен сабиялықтарға да ешқандай зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ, Ислам дініне кіру-кірмеу еріктерін өздеріне қалдырды.

Ислам дінін қабылдаған жат елдіктер жан басына салынатын жер салығынан босатылатын. Бұл қазынаға байлықтың аз түсуіне себеп болатын. Осылайша, арабтар жаулап алған деген тұжырым шындыққа ұласпайды.

Алғашқы төрт тақуа халифтарының тұсындағы араб азат ету жорықтары Арабияны толық жаулап алғанға дейін Мекке-Медина қауымының қарулы күштері мен оларға қосылған бәдәуин тайпалары көрші елдерге басып кіре бастады. Нәтижесінде VII-VIII ғасырларда Азияның, Африканың және Еуропаның ұлан-байтақ аумақтарында үстемдігін орнатқан араб азат ету соғыстары бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезең алғашқы “әділ халифтардың - Әбу Бәкір (632–634 жж.) және Осман (644–656 жж.) билігі тұсында өтті.

633 жылы күзде немесе 634 жылы көктемде, әрқайсысында 7500 жауынгерден тұратын үш араб әскері Сирияға басып кірді. Медина халифатына аравиялық тайпаларды бағындыру арқылы бұл әскердің күші толықты. Византиялық қарулы күшпен, алғашқы қақтығыс өлі теңізден оңтүстіктегі Вади-ал-Арабта және Газа ауданында өтті. Бірнеше бекеттер орналасқан және жергілікті тұрғындардан асығыс жасақталған, әлсіз византиялық гарнизондар өз дәрежесінде қарсылық көрсете алмады. 634 жылы жазда арабтар Бусраны алып, Аджнандин (Аджадейн) және Фихм түбінде византиялық әскерге соққы берді. Бекініс қамалдарындағы Палестина және Сирия тұрғындары тойтарыс беретін және шабуыл жасайтын техникалары араб жасақтарына қарсы қорғанысқа өте зауықсыз қатысты. Олар арабтардың әскер басшыларымен келісімге келуді артық көріп, “өмірін, мүлкін, балаларын сақтау және басы салығын төлеу шартымен” арабтарға бекініс пунктерін өткізіп берді. Византия әскерлері өздерінің соғысу қабілеті жағынан арабтарға жетпеді, олармен шайқаста үнемі жеңіліс тауып, үлкен қалаларға жасырынып қалатын.

Арабтардың Хирамен шекаралас Оңтүстік Иракқа басып кіруі ал-Йемамдағы соғысқа дейін басталып, шапқыншылық сипат алған. Йемамдық халифтердің қарсылығын басқаннан кейін, қолбасшылығында 500 мединалық пен меккелік қалған Халиф ибн ал–Валид Бекр ибн Вайл тайпасын өз жағына тартып солардың көмегін Хираны алады.

Бек ибн Вайл Орталық Аравияда әл–Йемамнан Парсы жақтағы жерге көшіп қонған көп санды, әрі құдіретті тайпа болатын. Бұл тайпаның көп бөлігін несториандық дінге сенуші христиандар құрайтын. Сондықтан Ислам діні жаулап алу жорықтарына үндейтін себеп бола алмайтын. Бірақ, бұл тайпаларда Ислам пайда болғанға дейін-ақ олжа табу мақсатымен Оңтүстік Иракқа басып кіру арқылы жинаған тәжірибесі бар болатын. 610 жылы осындай жасақтар Зу-Каре түбіндегі Иран әскерімен шайқаста оларды жеңе алды. 634 жылы наурызда 500-800 салт атты әскері бар Хамид бұйрық бойынша шөл арқылы Мединадан Дамаскіге жіберілді. Араб жасақтары Даман маңындағы бау-бақшалы аудан Гутуды алды. 635 жылы қыркүйекте алты ай қоршаудан кейін комендант және жергілікті эпископ қала халқының қысымымен Дамаскіні арабтарға берді. Қоршағандардан, қосатынынан қала қабырғаларына шығатын бірде-бір саты табылмады, ал бекініс қақпалары ішінен тастармен және бөренелермен бітеліп тасталған еді. Жеңімпаздарға Гутудағы бір монастрдан саты алуға келді.

Арабтардың басып кіруі ірі жаулаушылыққа айналып бара жатқанын түсінген Византия әскери қолбасшылығы Император Ираклидің басшылығымен Солтүстік Сирияға көп әскер шоғырландырды. Гректермен (румдық) бірге оның құрамына ал–Джериа мен Армения тұрғындары мен сириялықтардың жасақтары енді. Византия әскерінің саны 200 мыңға жеткен. Араб жасақтары жауынгерлерінің саны мәліметтер бойынша 24 мыңнан асқан жоқ. Византиялықтардың жақындауына байланысты арабтар Дамаск және тағы басқада қалаларды тастап, Иорданның шығыс тармағындағы Йармук ауданына шегінді. 636 жылы 20 тамызда осы жердегі ірі шайқаста византиялықтар қирай жеңіліп, 70 мың жауынгерлерінен айырылған.

Византиялықтардың соғысу қабілетінің нашарлауына, шайқасқа дейін-ақ өзара қақтығысып қалған грек және армия бөлімдерінің алауыздығы кері әсер етті. Гассанид патшасы Джебел ибн әл–Айхан бастаған сириялық арабтар шайқас кезінде арабтар жағына шығып етті. Йармукта византиялықтарды толық талқандағаннан кейін арабтар Сирияның толық билеушісіне айналды. Аңыз бойынша Император Ираклий бұл елді тастай отырып, шекарадағы бір шатқалға: “Қош бол, Сирия!” деген екен.

Арабтар Дамаскіні қайта алып, содан кейін Солтүстік Сирияны бағындырды. 638 жылы жыл қоршаудан кейін – Иерусалим, 640 жылы 7 жыл қоршаудан соң – Кайсария берілді. Мұндай ұзаққа созылған қоршау арабтардың әскери–техникалық мүгедектігінен емес, осы портты қалалардың гарнизондарының теңіз арқылы үнемі көмек алып тұруымен түсіндірілді. Сол кезеңде арабтардың византиялықтардың теңіз флотымен күресетін еш құралы болмайтын.

Иракта Хираны алғаннан кейін арабтар сасанид әскерімен шайқаста бірнеше рет жеңіліп, бұл қала мен оның облыстарынан кетуге мәжбүр болды. Бедуиндерге күшті әсер қалдырған, олар үшін қорқынышты жануар болып көрінген иран әскери пілдері еді. Бірақ, 635 жылдың аяғында Бувейте түбінде, Евфратта Иран әскерлерін әкеліп, жеңілген арабтар қайтадан Хираны алды, ал 637 жылы 31 мамыр немесе 1 маусымда Кадисия түбінде, кейін осы ірі шайқастан соң арабтар Сасанидтер астанасы Ктесифонға кірді, ол қала арабтарда Мадаин деген атпен белгілі. Шахиншах ІІІ–Йездигерд пен сарай маңындағылар қашып кеткеннен кейін қала тұрғындары арабтарға қала қақпасын ашты.

Арабтар әскер басшылары мен Иран әскери қолбасшылығы жасасқан бейбіт келісім көп ұзамай арабтар тарапымен бұзылды. Сол кезде солтүстікке қарай жылжыған араб әскерлері 641 жылы Мосулды алып, Хамадағы Нехаведен түбінде ирандықтарға күшті тойтарыс берді. 644–645 жылдары Араб әскерлері Белуджистан арқылы Үндістанның шекарасына енді. 649 жылы Истахрды (ежелгі Персополь) алды. Мерв түбінде ІІІ–Йездигердтің дүние салған жылы, арабтардың Иранды жаулап алуының аяқталған күні деп есептелді. Осы жылы олар Әмударияға дейін жетті. Бұдан сәл ертерек Сирияны жаулап алғаннан кейін, арабтар 640 жылы Арменияға басып кіріп, оның астанасы Двин қаласын алды. 654 жылы олар Тбилисиге дейін барды.