Ховея () – пальмалар тұқымдасына жататын, Лорд-Хау аралында өсетін түрі. H. forsteriana және H. belmoriana деген екі түрі үй жағдайында өсіріледі. Оларды бір-бірінен айыру өте қиын. Бойының биіктігі әртүрлі. Үй жағдайында 2,5 метрге жетеді, ал табиғатта 10-12 метр болады. Жапырақтары қанат секілді, ұзындығы 2,5 м. Жылыжайларда ховея гүл жарып, жеміс береді. Үй жағдайында оны гүлдету оңай емес. Ол үшін оған қажетті жағдай жасау керек. Табиғатта ховея жар басында теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте өседі. Жаз кезінде ховеяға таза ауа қажет, сондықтан оны аулаға шығарып қойған дұрыс. Топырағы құнарлы болуы керек. Жас ховеяларды жыл сайын, ал көп жыл өскендерін екі-үш жылда бір рет топырағын жаңартып, қайта отырғызу керек. Жарығы: Жарық жерде де, алакөлеңкеде де өсіре беруге болады. Жылуы: Қыс кезінде ауа температурасы 18 °C төмен болмауы керек. Суғарылуы: Топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Артық су құюға болмайды. Ылғалдылығы: Күніне 2-3 рет жапырақтарына су шашып тұрған жөн. Қоректендірілуі: Жазда екі аптада бір рет, қыста айына бір рет қоректендіріледі. Аурулары: Артық ылғалдылықтан жапырақтары қоңыр түске айналып, дақтар пайда болады. Сарғайған жапырақтарын кесіп тастау керек. Көбейтілуі: Тұқымы арқылы көбейтіледі."Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Дереккөздер
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Санат:Пальмалар