Физика-техника институты, 1991 ж. Жоғарғы энергия физикасы ин-тының электрондық спектроскопия мен Ядролық физика ин-тының радиац. материалтану ғыл. бөлімдері негізінде құрылған."Қазақ Энциклопедиясы" 9 том, ҚР Білім және ғылым министрлігі Химия-технологиялық зерттеулер орталығының еншілес мемлекет кәсіпорны – ғылыми-зерттеу мекемесі. 1991 жылы Қазақстан ғылым академиясының Жоғары энергия физикасы институты мен Ядролық физика институтының лабораториялары негізінде құрылған.

Институт құрылымына: қатты дене физикасы және материалтану зерттеулердің спектроскоптық тәсілдері жоғары энергия және ғарыштық сәулелер физикасы ғылыми-техникалық ақпарат патенттану және маркетинг бөлімдері жұқа қабықтар және жұқа қабық технологияларының физикасы мен химиясының аймақаралық орталығы материалдар мен органикалық қосылыстарды талдау және куәліктеу орталығы кіреді.

Негізгі ғылыми-зерттеу бағыттары: қатты дене физикасы және материалтану мәселелері; ғылыми зерттеулер мен қолданбалы есептер үшін спектроскоптық тәсілдерді дамыту; жұқа қабықтардың физикасы мен химиясы саласындағы зерттеулер; жоғары энергия мен ғарыштық сәулелер физикасы, INTERNET және ақпараттық технологиялар.

2003–05 жылдары институт үш бағдарлама бойынша іргелі зерттеу жүргізді: қатты дене жүйелеріндегі физикалық процестерді және технологиялардың ғылыми негізін зерттеу, жаңа материалдар, қорытпалар және құралдар дайындау (ғылыми жетекші ҚР Ұлттық ғылым академиясының акад. Б.Н.Мұқашев); жоғары энергия жағдайында элементар бөлшектер мен ядролар әрекеттесуінің динамикасын зерттеу (ғылыми жетекші ҚРҒА-ның акад. Э.Г.Боос); экологиялық таза энергия көздерінің ғылыми негіздерін жасау (ғылыми жетекші физика-математика ғылымының докторы М.Ф.Тамендаров).

Дереккөздер

Санат:Қазақстандағы ғылым Санат:Ғылыми институттар