Мамырдың 28 — Григориан күнтізбесінде жылдың 148-ші күні (кібісе жылдарда 149-шы). Жылдың аяғына 217 күн қалады.

Мерекелер — Республика күні — оптимизаторлар күні. — Бірінші Республика күні. — шекарашылар күні.

Оқиғалар 1664 жыл — Бостонда алғашқы баптисттік қауымдастық құрылды. 1740 жыл — Лондонда алғашқы ғимарат ішіндегі бассейн салынды 1858 жыл — Ресей мен Қытай арасында Айгун келісім шарты орын алды. 1858 жыл — РКП(б) X конференциясы «Жаңа экономикалық саясат» бағытын қабылдады. 1964 жыл — Палестинаны азат ету ұйымы құрылды. 1975 жыл — Батыс Африка елдерінің экономикалық қауымдастығы аймақтың 16 мемлекеті Лагос келісіміне қол қоюы арқылы дүниеге келді 1993 жыл — Монако Эритреямен бір уақытта БҰҰ-ның 182-ші мүшесі атанды. 2007 жыл — Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды 2022 жыл — УЕФА Чемпиондар Лигасының финалы: «Реал Мадрид» «Ливерпульді» 1-0 есебімен жеңіп, тарихта 14-ші рет кубокты жеңіп алды.

Туғандар :Санат:26 мамырда туғандар 1759 жыл — Уильям Питт (Кіші), Ұлыбритания тарихындағы ең жас премьер-министр. 1779 жыл — Томас Мур, ағылшын ақыны. 1738 жыл — Жозеф Гильотен, француз дәрігері, анатомия профессоры. 1908 жыл — Ян Флеминг. ағылшын жазушысы агент 007 Джеймс Бонд туралы романның авторы. 1910 жыл — Ти-Боун Уокер, америкалық блюз гитаристі. 1937 жыл — Әуесхан Қырбасов, кеңес және қазақ дипломаты, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы елшілерінің бірі. 1942 жыл — Стенли Прузинер, америкалық дәрігер, Физиология немесе медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1997). 1968 жыл — Кайли Миноуг, аустралиялық поп-әнші. 1971 жыл — Екатерина Гордеева, ресейлік көркем мәнерлеп сырғанаушы, екі дүркін олимпиада чемпионы. 2000 жыл — Фил Фоден, ағылшын футболшысы.

Қайтыс болғандар :Санат:28 мамырда қайтыс болғандар 1849 жыл — Энн Бронте, ағылшын жазушысы және ақын. 1910 жыл — Кальман Миксат, Мажарстанның XIX - XX ғасырлардың ең атақты жазушыларының бірі 1937 жыл — Альфред Адлер, австриялық психолог және психиатр, қазіргі психиатрияның негізін қалаушылардың бірі. 1944 жыл — Шығанақ Берсиев, кеңестік тары өсіруші, ауыл шаруашылығы өндірісінің жаңашылы. 1972 жыл — VIII Эдуард, Ұлыбритания патшасы 2003 жыл — Илья Пригожин, бельгиялық физикохимик, Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1977).

Сыртқы сілтемелер

Санат:28 мамыр