«Шерлок»Бірінші арнаның аудармасы — «Шерлок Холмс» () — Hartswood Films компаниясымен түсірілген британдық телесериал, BBC Wales телетарату корпорациясы тапсырысымен жасалынған. Артур Конан Дойльдің Шерлок Холмс туралы детективтік туындысының сюжеті қазіргі заманға сәйкес үйлестіріліп, сериал хикаятына негіз болған.
2009 жылы көрсетілмеген пилотты эпизодқа тапсырыс берілді, ал 2010 жылдың шілде мен тамыз айында BBC One және BBC HD телеарналарында бірінші маусымның тоқсан минуттық үш эпизоды көрсетілді. 2012 жылдың қаңтар айында үш сериалы екінші маусымы көрсетілді, ал үшінші маусымы 2013 жылға жоспарланған. Қазақстанда сериал Бірінші арна арқылы көрермендерге жол тартты.
Сериал авторлары: Стивен Моффат пен Марк Гэтисс «Дәрігер Кім» және «Джекилл» телесериалдарымен танымал болған. Басты кейіпкер Шерлок Холмс рөлін Бенедикт Камбербэтч, доктор Джон Ватсон рөлін Мартин Фримен сомдаған. Түсірілім Лондон мен Кардиффте жүрген.
Жобаның екі маусымына да киносыншылар тарапынан оң пікірлер айтылып, бірнеше жүлделерге ұсынылған. 2011 жылы «Шерлок» телесериалы BAFTA телевизиялық жүлдесінің «Ең үздік драмалық сериал» санатын иеленді.
Түйін Артур Конан Дойльдің туындысы — жеке детектив Шерлок Холмс пен оның серіктесі доктор Джон Ватсон туралы хикаят желісімен түсірілген сериал үлкен серпіліс әкелді. XIX ғасырдағы жағдай XXI ғасырға көшірілген: жеке детектив Шерлок Холмс, өзіне пәтер іздеп жүріп, доктор Джон Ватсонмен — Ауғанстаннан оралған әскери дәрігермен танысады. Олар қарт кісі миссис Хадсонның Бейкер-стрит көшесіндегі 221 Б пәтеріне көшіп барады. Шерлок пен Джон Скотланд-Ярдтағы күрделі қылмыстық істерді қадағалау әдісін, анализді, дедукцияны және заманауи технологияларды, соның ішінде интернет пен ұялы телефонды қолдана отырып әшкерелейді.
Жасалуы Идея
Телесериал — викториандық әдебиетті телевизияға бейімдеуде мол тәжірибелері бар Стивен Моффат пен Марк Гэтисстің бірлесе істеген еңбектерінің жемісі,. 2007 жылы Моффат «доктор Джекил мен мистер Хайданың әдеттен тыс таңғажайып оқиғалары»(орыс.) повесіне сүйене отырып түсірілген «Джекилл» телесериалының сценарийшісі болған, ал Гэтисс Чарльз Диккенстің туындыларының арқауымен түсірілген «Мазасыз құрбан» атауымен белгілі «Доктор Кім» телесериалы сценарийінің авторы болған. Идея Моффат пен Гэтисс Кардифф қаласында «Доктор Кім» телесериалымен айналысып жүрген кезде, Дойльдің туындысына қызығып жүргенде, Лондонға бара жатқан пойыздың ішінде туды. Идеяның басты тірегі Шерлок Холмсты өз заманындағы индустриялды кезеңнен арашалау болды. Оның аңшылар бас киімі мен твидті костюмдерін смартфон мен никотинді пластыр ауыстырды. Шерлок Холмсқа қатысты оқиғалар туралы Марк Гэтисс: «Мен бұл туындыны оқымаған адамдарды кездестіргенде, болашақта бұларды не күтіп тұр екен деген ойға қаламын» — деген пікірін білдіреді. Монте-Карлодағы жүлде ұсыну салтанатында Стивен Соффаттың жұбайы, продюсер Сью Вертью екі авторға да экранизациялау сценарийін дайындауды жүктеді.
Шерлок Холмсты телевизияға бейімдеу ісіне Гэтисстің көңілі толмайды, оны «тым әсірелеу әрі іш пыстырады» деп бағалайды. Моффат мен Гэтисс «Шерлоктың» DVD-не берген аудиосұхбатында «Конан» деп тек Конан Дойльді ғана емес, Шерлок Холмс туралы түсірілген фильмдерді де, соның ішінде Granada Television компаниясы түсірген туындаларды да танитындықтарын айтады.Сью Вертью, Стивен Моффат пен Марк Гэтисс «Қоңыр қызыл түстегі этюд» эпизодына берген аудиосұхбатында.
Шерлок Холмс рөліндегі Бенедикт Камбербэтч қылмысты әшкерлеу кезінде SMS, интернет, GPS секілді заманауи технологияларды қолданады. «Шерлоктың» екі эпизодының режиссері болған Пол Макгиган: «Бұл образ Конан Дойльдің детектив туралы жазған туындыларындағы тұлғамен ұқсас болғанмен, ол, шын мәнінде, дәл сол образбен қазіргі заманға көшірілген, шығармадағы Шерлок та дәл сериалдағыдай өз заманының соңғы технологияларын қолданады әрі қолынан келгенше зертхана тәжірибелерін өткізген» — деп өз пікірін білдіреді:. Бенедикт Камбербэтч өз сөзінде: «Мен Холмс Уикипедияны қолданады дегенге күмән келтіремін, бірақ ол заманауи технологияларды дереккөздер ретінде пайдаланады — деп атап өтеді.. Кейіпкерлердің өз аттарына қатысты сәттерінде модернизациялаған «Шерлокте» басты рөлдегі екі кейіпкер де бір-бірін фамилиясымен емес, есімдерімен атайды, өзара болған әңгімеде кездесетін тиянақсыз, французша амандасу да алынып тасталған, ал Шерлок пен Джонды гомосексуальды жұп деп шатастырады.
Кейбір жерлері заманға сай өңделмей, сол қалпымен қалған. Мысалы, Бейкер-стриттегі Холмстың пәтері, оның айналасындағы атажауы Мориарти. Джон Ватсон рөлін сомдаған Мартин Фримен — әскери дәрігер, Ауғанстанда қызметін өтеп келген. Туындыда ол екінші ағылшын-ауған соғысынан кейін демобилизацияланған жаңа Ватсонның кейпін жасаған кезде, Гэтисс былай деді: «Бұл дәл сол аяқталмаған соғыс деп ойладым. Дәл сол жеңілмейтін соғыс.
«Шерлоктың» алпыс минуттық эпизоды 2008 жылы тамызда Эдинбург халықаралық телевизиялық фестивалінде сыншыларға көсетілді және 2009 жылдың екінші жартысына көрсетілімге дайындалды. Алғашқы сериал сәтті шығып жатса, онда оны толық түсіруді қолға алу ойластырылды. 800 000 фунт стерлингке түскен пилотты эпизод БАҚ арасында сәтсіз шыққан туынды ретінде аталынды. BBC алғашқы сериалды көрсетуден бас тартып, және оның форматын өзгертіп, тоқсан минуттық үш сериалға ауыстырды. Көрсетілмеген алғашқы сериал кейінірек DVD форматындағы бірінші маусыммен бірге шығарылды. Сериал авторлары DVD-ге берген аудиосұхбаттарында «BBC алғашғы сериалды мақұлдады, бірақ оның форматын өзгертті» деп айтт. The Guardian тілшісі Марк Лоусонның сөзінше, эпизод толығымен өзгертіліп қайта жазылған, декорация жоспары бойынша ішкі жағы және дыбысы мен даму оқиғасы толығымен жаңаланған.
Актёрлік құрам және кейіпкерлер thumb|150px|left|Шерлок Холмс рөліндегі Бенедикт Камбербэтч thumb|right|150px|Джон Ватсон рөліндегі Мартин Фримен thumb|left|150px|Марк Гатисс thumb|150px|Эндрю Скоттthumb|150px|Руперт Грейвс thumb|left|150px|Мэтт Смит (суреттегі) Ватсон рөліне үміткерлердің бірі, бірақ кастингтен өтпей қалды.thumb|right|150px|Уна Стаббс
Шерлок Холмс рөліндегі Бенедикт Камбербэтч. Моффат пен Вертью Камбербэтчті 2007 жылғы «Күнәні жуу» фильміндегі тамаша актерлігіне қарап, Холмсты сомдауға ұсыныс жасайды. «Камбербэтч, — деп жазадыThe Guardian газеті — эксцентрлі, данышпан еркек ретінде әрі Холмстың техникаға жетіктігі мен Аспергераның жеңіл түрін ескере отырып өзін көрсете білді». Камбербэтч өз сұхбатында: «Холмсты сөздерінің көптігінен және ойлау қабілетінің жүйріктігінен сомдау қиындық тудырады. Ол көрермендер мен оның айналасындағы адамдардан бір қадам алда тұрады. Олар Шерлоктың ойлары түбі қайда апаратынын түсіне бермейді» — деді.. Телепродюсер Пирс Венгер сериалдағы Шерлокқа: «Қазіргі заманғы қуатты суперкейіпкер, ойлау қабілеті жоғары ізкесер, өзінің қылмыскерден бетер қу екенін, полицейлерден, тіпті бәрінен де ақылды екенін дәлелдегісі келеді» — деп баға берді.. 2007 жылдан бастап Лондонда темекі шегуге тыйым салғандықтан, трансляция регламенті бойынша Холмс рөліндегі Камбербэтчке дәстүрлі трубканы никотинді пластырмен алмастыру ұсынылды. Моффат: «Шерлокты бірден «заманауи тұлға» деп айтудың қажеті жоқ, алғашында авторлар оны бұрынғы заманғы адамға да ұқсастырмай жасауды ойластырды» — дейді. Моффат екінші маусымда кейіпкерді Камбербэтчтің «керемет даусын» пайдалану арқылы «айқын викториандық» етті.
Джон Ватсон рөліндегі Мартин Фримен. Марк Гэтисс The Observer басылымына берген сұхбатында, доктор Джон Ватсонның рөліне актер таңдауда ұжым үлкен қиыншылыққа душар болды деп айты. Сью Вертьюдің сөзіне сенсек, Камбербэтч Шерлоктың рөліне лайықты болды, ал Джон Ватсонға келгенде ондай оңайшылық болмаған. Екінші басты кейіпкердің рөліне Мартин Фримен ұсынылмай тұрып, бірнеше актер бағын сынап көрді. Мартин Фримен бұрын «Галактика бойынша автостоп» фильмімен танылмал болған. Алғашқы айтулы үміткерлердің бірі — Мэтт Смит болды, Моффот оны Ватсон рөлі үшін тым «қағып кеткен» деді, кейінірек оны «Доктор Кім» сериалындағы «он бірінші дәрігер» рөліне қабылдады. Журналист Виктория Торптың пікірі бойынша: «Фримен сомдаған сенімді әрі қабілетті Ватсонның арқасында Холмс өзін жоғары белсенді социопат ретінде санайды» деді. Гэтисс кейіпкердің мінезі дұрыс болғаны жақсырақ дейді: «Шынына келгенде Ватсон есерсоқ емес, Конан Дойль оны әрдайым аңқаулығы арқылы пайдаланды. Тек есерсоқтар ғана айналасын есерсоқтар мен есалаңдар толтырады». Шерлок Джонның өзі сияқты заттарға анализ жасауға басы жетпегенменде, оны өзінің досы ретінде санайды. Моффаттың айтуы бойынша: «Фримен — талантымен қарағанда Бенедиктке қарама-қайшы. Мартин айналасына қарапайым емес адамдарды жинайды, оның ішінде ұшқыр ойлыларда кездеседі. Маған оның реализмі, жасап жатқан істері де ұнайды. Мен оның барлық істеріне сенемін. Әр дубль таңқаларлықтай, әрі қайталанбас сәттер».
Инспектор Грег Лестрейдтың рөлінде Руперт Грейвс. Конан Дойль туындыларында жай ғана «инспектор Лестрейд» деп атайды, және оның бірінші есімі еш айтылмайды, бірақта екінші маусымда Ватсон оны Грег деп атайды, және бұл Холмсты таңғалдырды. Моффат пен Гэтисс айтуы бойынша Лестрейд Конан Дойльдың әңгімелерінде онша көп кездеспейді. Олар оны негізгі нұсқасын «Алты наполеон» әңгімесінен алады: «Холмс оны еш пайдасыз дейді, бірақ ол Скотланд-Ярдтағы ер ақылдысы болатын, ал Лестрейдтің өзі Холмспен мақтанады». Инспектордың рөліне үміткерлердің кейбіреулері кастингтегі қойылымға комедия тұстарды да қолданды, бірақ сериал авторлары Руперт Грейвсті осы рөлге лайық деп таныды.
Джим Мориартидың рөлінде Эндрю Скотт. Скотт бірінші рет бірінші маусымның үшінші «Үлкен ойын» эпизодында Джим Мориарти рөлін сомдады. Сериалда ол өзін Джим деп таныстырады, ал Холмс оны «үйретуші қылмыскер» деп атайды. Моффат былай дейді: «Біз алғашында Мориартиге не қылатынымызды білгенбіз. Мориарти биік мақсатты қылмыскер болмайтын, бірақ өз айтқанынан қайтпайтын адам, және де біз оны адам шошыр кейіпте болғанды қаладық. Кім болса да біреу есалаң болу керек емес пе!». Алдын-ала Моффат пен Гэтисс екі кейіпкердің — Шерлок пен Мориарти — қарсыласуын үш эпизодқа бөлеміз деп ойламаған, «Шерлок Холмстың соңғы ісі»(орыс.) көрінісінде екі қарсыласқан жау бетпе-бет кездеседі, сондықтан бұл міндетті түрде керек екенін кейін барып түсінеді.
Майкрофт Холмстың рөлінде Марк Гэтисс. Шерлоктың үлкен ағасының рөлін Гэтисстің өзі сомдады. Моффаттың сөзі бойынша, сериалдағы Майкрофт Конан Дойльдың жазған кейіпкер образына емес, Билли Уайлдердің «Шерлок Холмстың жеке өмірі (фильм)»(орыс.) шығармасындағы Кристофер Лиге көбірек ұқсайды. Бірақ Конан енгізген біршама жерлер сақталған: Майкрофт үкіметтің жоғарғы мүшесі, көп қарым-қатынас жасаспайды, «Диоген» ерлер клубына барады және інісімен айтарлықтай араздастығы жоқ.
Миссис Хадсонның рөлінде Уна Стаббс. Миссис Хадсон — Ватсон мен Холмс тұрып жатқан пәтердің иесі, екеуімен де жақсы қарым-қатынаста. Уна Стаббс өз сөзінде: «Шерлок миссис Хадсонды сыйлайды, жақсы көреді, ал ол Шерлоктың қамын ойлап жүреді, және Джонменде қарым-қатынасы дәл сондай» деп айтады.
Сериалдағы басқа да кейіпкерлер — полиция сержанты Салли Донован және патологоанатом Молли Хупер рөлдерін Винетт Робинсон және Луиза Брили сомдады. Шақырылған актерлер тізіміне кірді: Фил Дэвис таксист пен Джефф Хоупты өлтірген қылмыскерді, Дэвид Неллист Ватсонның курстасы Майк Стамфордты, Джонатан Арис судмедэксперт Андерсонды, Пол Чекер инспектор Диммокты, Зои Телфорд Сараның рөлін, Джемма Чан Су Линь Яоның рөлін, Джон Сешнс Кенни Принстың, Хайдн Гвайнн галерея қараушысы мисс Винчеслас және Дебора Мур Мориартидың тұтқынындағы адамды сомдады. Марк Гэтисстың аудиосұхбатында; Бенедикт Камбербэтч пен Мартин Фримен, «Үлкен ойын» эпизоды.. «Белгравиядағы бассыздық» Лара Пюльве Ирэн Адлердің рөлін сомдады. «Бұл әйелдің» шығуы маусымның ең анықтаушы кезеңі деп болжады: «Міне сіздердің айғақтарыңыз: Адлер, ит, Рейхенбах». «Баскервил иті» Рассел Тови Шерлоктың клиенті Генри Найттың рөлін ойнады, ал «Рейхенбах сарқырамасында» Кэтрин Паркинсон журналист Китти Райлидың рөлін ойнады.