Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірі деп қазіргі Қазақстан Республикасының аумаңында алғашқы адамдардың мекендей бастаған және материалдық мұраның пайда бола бастаған кезеңін айтамыз.

Археологияда қабылданған кезеңдерге сәйкес адамзат тарихы тас, қола және темір дәуірлеріне бөлінеді. Аталған дәуірлердің әрқайсысы өз кезегінде хронологиялық ірі кезеңдерге бөлінеді. Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады. Палеолиттің ерекшелігі Евразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің едәуір ұқсастығы болып табылады. Палеолиттің кеңінен мәлім кезеңге бөлінуі соңғы жылдарда жеткілікті дәрежеде елеулі өзгерістерге ұшырады.

Ежелгі тас ғасыры дәуірі адамзаттың қалыптасуы мен оның шаруашылығының алғашқы кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде алғашқы қауым адамдары жабайы өсетін дәндер мен жеміс-жидектерді жинап, аң аулаумен айналысқан. Палеолит дәуірінде адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі және ұзақ эволюциядан өткен. Оның алғашқы кезеңі алғашқы тобырлардан тұрды, олар бірігіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және азық-түлік жинау үшін бірігетін. Бұл әлеуметтік құрылымның ерекшелігі – оның ұйымдасқан неке байланыстарының болуында және қоғамдық қатынастардың жетілмегендігінде еді.

Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель дәуірінде жаңа әлеуметтік құрылым – алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте қалыптаса бастайды. Мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі пайда болып, қауымның алғашқы белгілері шыға бастайды. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен – алғашқы қауымның толыққанды нысандарының қалыптасуымен сипатталады. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, бұл сапалық секіріс неандерталдықтардың осы заманғы адамға айналуымен тұспа-тұс келеді.

Келесі дәуір – мезолит дәуірі, ал одан кейін неолит пен энеолит дәуірлері көшпелі және отырықшы тұрмыс салтындағы аңшылар мен балықшылар мәдениетінің қалыптасу және даму уақыты ретінде сипатталады. Қарастырылып отырған дәуір бізден қаншалықты алыс болса да, алғашқы қауым аңшылары мен жинаушыларының ежелгі мәдениеті көршілес аймақтардың мәдениеттерімен өзара тығыз әсер ету арқылы дамыған деп сенімді түрде айтуға болады.

Ежелгі палеолит Ежелгі палеолит кезеңі үш ірі кезеңге (мәдениетке) бөлінеді: олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн жыл - 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың - 150-120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150-120 мың - 35-30 мың жыл) кезеңдері. Бұл кезеңдердің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, әсіресе оңай жарылатын шақпақ тасты кеңінен қолданған. Оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Материал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балталар, пішектер, пышақтар, тескіштер.

Табиғат жағдайы. Ертеде гоминидтер мекендеген орта Евразияның кең-байтақ кеңістіктеріндегі шөл, шөлейт аймақтар мен далаларда кейінгі 35 жыл ішінде тас ғасырының көптеген тұрақтары табылып зерттелді. Евразияның қуаңшылық аймағының құрылысында асқар биік таулар мен қыраттардан бастап ойпат далаға дейінгі алуан түрлі жер бедерлері бар. Әрине, жер бедерінің осылайша алуан түрлі болуы және олардың қуаң аймақта орналасуы ежелгі гоминидтердің мекендерінің алуан түрлі ғана емес, сонымен қатар ұқсас болуына да жағдай жасады. Қуаңшылықты өңірлердегі ерекшеліктер, сондай-ақ гоминидтердің көшуі мен эволюциясы танымал. Қуаң аймақтың бір сипаттық ерекшелігі бар, ол – ашық (жер бетіндегі) үлгідегі тұрақтардың өте басым болуы.

Қуаң аймақтағы тұрақтардың көпшілігі кешенді болып келеді және адамдардың ежелгі бабаларының белгілі бір геоморфологиялық жағдайда өте ұзақ уақыт (екінің бірінде жүз мыңдаған жылдар бойы) болған іздерін көрсетеді. Қазақстан аумағында ежелгі гоминидтердің пайда болуының алғышарттарын адамзат тарихындағы өтпелі және ең маңызды кезеңдегі геологиялық-географиялық жағдайларды негізге ала отырып іздестіру керек, ал ондай кезең плиоценнің екінші жартысы болып табылады. Ең ертедегі гоминидтердің Африка құрлығынан бастап қазіргі қуаң өңір мен Сібір аумағына дейінгі кең-байтақ жерде анықталған іздері алғашқы адамдардың өте ауқымды кеңістікте қоныстанғанын дәлелдейді.

Тұран және Каспий маңы ойпаттары мейлінше тұрақты жағдайларымен сипатталады. Каспий теңізінің жағалауы мен Үстірт қыратында тас ғасырының палеолиттің алғашқы кезеңдерінен неолитке дейінгі үздіксіз эволюцияны дәлелдейтін көптеген тұрақтар сақталған. Каспий өңірі мен Үстірттің палеолиті шақпақтас шикізатына негізделді. Каспий маңы ойпаты мен Үстірт қыратындағы эволюцияның ұзақ уақытқа созылуына палеографиялық жағдайлардың тұрақтылығы (қолайлы климат; аң аулау объектілері мен мекендеу орындарының молдығы; шикізаттың жеткілікті мөлшерде болуы; тұщы судың молдығы) негіз болды.

Сарыарқа геоморфологиялық жағдайлары жағынан мейлінше тұрақты аймақ болып келді және солай болып қала да береді. Мұнда палеолиттің эволюциясы ашель дәуірінің соңғы кезеңінен басталып, соңғы палеолитке дейін созылады. Палеографиялық жағдайлардың тұрақтылығы, жануарлардың қоныс аударуы және мекендейтін, құстардың ұшып өтетін жолдарының орнықты болуы, тас шикізатының молдығы және тұрақты су көздерінің көп болуы палеолиттің әртүрлі мәдениеттерін таратушы алғашқы ұжымдардың белгілі бір тұрақтарда ұзақ уақыт мекендеуіне мүмкіндік жасады.

Каратау жотасы ерекше географиялық жағдайымен ерекшеленеді: бір жағынан, Солтүстік Тянь-Шань жоталарының сілемі болып табылады және тең биіктік белдеуі бар, ал екінші жағынан, ол екі ірі аймақты – Орта Азияның құмды даласы мен Бетпақдаланың сазды даласын шектейді. Каратау жотасының климаты өте қолайлы, бұл ежелгі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сақталуына әсер етті. Каратау жотасының ежелгі адамдар мекендеген аумақтары – тамақ пен су көздері, сондай-ақ өзен жағалары, үңгірлер мен сары топырақты жерлер.

Плиоценнің аяғындағы апат пен төрттік кезең жағдайды өзгертті. Гиндукуш пен Гималай, Қарақорым, Тянь-Шань мен Алтай таулары муссондарды өткізбейтін кедергі болды, сонымен қатар ландшафтты да толық өзгертті. Муссондар мен циклондар қозғалысының өзгеруі, қуаң өңірде климат континенттігінің ұлғаюы көптеген аймақтың шөлге айналуына себепші болды. Осы өзгерістердің бәрі Қазақстанның әртүрлі аймақтарына әртүрлі әсер етті.

Қорыта айтқанда, Қазақстан аумағында палеолит дәуірінің тұрақтары көп және олардың зерттелуі Қазақстанның Евразияның қуаң өңірінің палеолитін зерттеуге үлгі бола алатынын көрсетеді.

Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит).Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін (Очерктер). А., 1994.4-30-бб.

Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.

Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге – ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.ж.б. 2,5 млн. жылдан басталады.

Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі – шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. А.Т.1., 1996. 1-2-бөлімдер.

Адам қоғамындағы көне, орта және соңғы тас дәуірі Алғашқы адам тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенеді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделеді.

Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырыл- ған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан. А., 1995. 9-25-бб.

Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.

Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» - пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы. А., 2001. 1 бөлім

«Homo erectus» - тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.

Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан олардың мекен еткен аудандарының бірі-Қаратау жотасы болғаны анықталып отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жлтасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын ірілі-уақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аңдарды аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әр түрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріне жарата білген.Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. А., 1979.

Соңғы палеолит дәуірінде адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулық қауымдар көп жерде алдымен отбасының қамқаоршысы, бала өсіруші ана төңірегінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық-матриархаттық дәуір деп аталды.