Митрофан Семенович Сильченко (20.4.1898 жыл, Ресей, Воронеж қаласы – 9.12.1970, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1957), профессор (1958)Сильченко Митрофан Семёнович // Воронежская энциклопедия : в 2 т. / Гл. ред. М. Д. Карпачёв. — Воронеж : Центр духовного возрождения Чернозёмного края, 2008. — Т. 2 : Н — Я. — 524 с. : ил., карты..
Өмірбаяны Воронеж діни семинариясын (1917) сондағы мемлекеттік университетті (1924) бітірген. Осы университетте оқытушы (1924–1931) ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ) аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор (1931–1970) 1962 жылдан Қазақстан ғылым академиясының Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінде академик-хатшы, Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, академия төралқасының ғалым-хатшысы қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы «Творческая биография Абая» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ-орыс әдеби байланыстары мен қазақ фольклоры мәселелеріне Абай Жамбыл Мұхтар Әуезов шығармаларына арналған.
Марапаттары Еңбек Қызыл Ту «Құрмет Белгісі» (1945) ордендерімен, медальдармен марапатталған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:20 сәуірде туғандар Санат:1898 жылы туғандар Санат:Воронежде туғандар Санат:9 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1970 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:Воронеж діни семинариясы түлектері Санат:Воронеж мемлекеттік университеті түлектері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары Санат:Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызметкерлері