Сарықопа – Тобыл алабындағы көл.
Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданының жерінде орналасқан. Тізбектеліп бір-біріне жалғасып жатқан шағын 5 көлден тұрады.
Гидрографикасы Жалпы ауданы 336 км2, су жиналатын алабы 17440 км2. Орташа тереңдігі 2 м.
Сипаты Көлдің батыс жағалауы түйетайлы, біртіндеп жазыққа ұласады, ал шығыс жағалауы биік (5-5 м). Көлге Теке, Сарыөзен өзендері құяды. Су мол жылдары көл қазаншұңқырындағы су деңгейінен асып Сарысу, Тәуіш өзені арқылы Торғай өзеніне құяды. Балыққа (мөңке, алабұға, қарабалық) бай. Суымен шабындық суғарылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Жангелді ауданы көлдері Санат:Тобыл су алабы