Юрий Борисович Померанцев (11 ақпан 1923, Киев, Украин КСР, КСРО — 23 наурыз 2022, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актёр, режиссёр мен педагог, Қазақ КСР халық әртісі (1961).

Өмірбаяны Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Сахналық өнер жолын 1943 жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан бастады. 1945–1953 жылдары Балалар мен жасөспірімдер театрының орыс группасында қызмет етті. Спектакльдер қоюмен және педагогикалық қызметпен де шұғылданды. 7-сайлауда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

Ойнаған рольдері Тұңғыш ойнаған рөлі — С.В. Михалковтың “Мақтаншақ қоянындағы” қасқыр. Сонымен қатар ол әр алуан шынайы сахналық образдар галереясын жасады. Ойнаған басты рөлдері қатарында қазақ драматургиясы бойынша ойшыл, ақын Абай оның жақын, пікірлес достарының бірі Долгов (М.Әуезов, Л.С. Соболев «Абай») болыс Майқан (Әуезов «Түнгі сарын») Варламов (М.Сәрсекеев «Жарылыс»), т.б. секілді ой-санасы мен ішкі жан сезімі бір-біріне ұқсамайтын мінез-кейіптер бар. Ол — сөздің мән-мағынасына ерекше ден қоятын, өткір мінезді, сахналық бояуы мол актер. 1957 жылдан киноға түскен: дәрігер Лавров («Біздің сүйікті дәрігерде»), т.б.

Марапаттары Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығымен (М.Ф. Шатровтың «Алтыншы шілде» спектакліндегі Дзержинский рөлі үшін, 1967) Еңбек Қызыл Ту орденімен 2 мәрте Құрмет белгісі орденімен және медальдармен марапатталған.Қазақстан энциклопедиясы, VII-томҚазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:КСРО театр педагогтары Санат:Қазақстан театр педагогтары Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері