Ойтал — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл (бұрын кент болған), Ойтал ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Меркі ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде, Ойтал өзені аңғарында орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4181 4963 118,7 1936 2407 124,3 2245 2556 113,9

Инфрақұрылымы Екі орта мектеп, байланыс бөлімшесі, фельдшерілк пункт, кітапхана, саз мектебі жұмыс істейді.

Тарихы Аймақтағы қант зауыты жұмыс істей бастаған 1934 жылдан кейін бұл өңірге халық көп қоныстана бастаған. Іргесі осы өңірден кен орындарының табылуына байланысты қаланған. 1932 жылдан қызылша өсіретін "Мерке" кеңшарының орталығы болып келді. 1956 жылы мал өнімдерін даярлау және жеммен бордақылау кеңшары құрылып, кейіннен ол "Ойтал" мал бордақылау кеңшары атанды. Оның негізінде 1997 жылдан Ойталда ЖШС-тер, "Ойтал-Меркі" АҚ-дары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Меркі ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері