Нағымбек Жемал-Әд-Динұлы Нұрмұхамедов (06.11.1924, Павлодар облысы Баянауыл ауданы-17.12.1986, Алматы) – кескіндемеші, өнертану ғылым кандидаты (1961), Қазақ КСР-інің халық суретшісі (1974).

1940 – 1942 жылдары Алматы театр-көркемсурет училищесінде, 1947 – 1953 жылдары Санкт-Петербург кескіндеме, мүсін және архитектура институтында оқыған. 1961 жылы КСРО Көркемсурет академиясы жанындағы аспирантураны А.М. Герасимовтың шеберханасы бойынша бітірді.

Қондырғылы кескіндеменің әр түрлі жанрында жұмыс істеп, сюжетті картина саласында жемісті еңбек етті. “Кеңес Одағы Әскери Теңіз-флотының адмиралы И.С. Исаков” (1964 – 1965), “Бес қаруың сай болсын” (1965), “Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин” (1969) портреттерін салды.

Франция, Бразилия, Жапония елдеріне сапар шегіп, нәтижесінде бірнеше суреттер топтамаларын жасады. Нұрмұхамедов еңбектері Канада, Бельгия, Югославия, Финляндия көрмелерінде қойылды.

Қазақстанның бейнелеу өнері жөнінде кітаптар мен альбомдар шығарды.

“Еңбек даңқы ерлері” топтамасы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1978), “Құрмет белгісі” (1959, 1971), 2-дәрежелі Отан соғысы (1985) ордендерімен және медальдармен марапатталған.Рыбакова И.А., Нагим-Бек Нұрмұхамедов, М., 1979Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Шығармашылығы Научись рисовать, А., 1962 Искусство Казахстана. Альбом, М., 1970 Мавзолей Хаджи Ахмеда Ясави. Альбом, А. 1980 thumb|right|200px|Н.Нұрмұхамедов. Париж. Лувр жағынан қарағандағы көрініс 1961ж

Дереккөздер

Санат:6 қарашада туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:Баянауыл ауданында туғандар Санат:17 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1986 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО суретшілері Санат:Реалист-суретшілер Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:Өнертану ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан өнертанушылары Санат:Қазақ КСР-інің халық суретшілері Санат:Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері Санат:Репин атындағы институт түлектері Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:II дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері