Қазақы сиыр - сүт пен ет өндіру үшін өсірілетін жергілікті тұқым. Қазақстанның қатаң табиғатына бейімделген, суыққа төзімді, жайылымда тез семіреді. Қазақы сиыр аяқтары қысқа, жатаған, шағын денелі, түсі көбінесе қара қоңыр, тарғыл. Сүт өнімділігі төмен, бірақ сүті майлы. Қазақы сиырды пайдалану нәтижесінде жоғары өнімді, Қазақстан табиғатына бейімделген жаңа сиыр тұқымдары - Алатау сиыры, Әулиекөл сиыры, Әулиеата сиыры, Қазақтың ақбас сиыры - шығарылды.Ә.Байжұманұлы, К.Бекболатұлы . Мал шаруашылығы сөздігі. Алматы-2011. ISBN 978-601-7254-21-6

Дереккөздер

Санат:Мал шаруашылығы