Қани Жұмкенұлы Мұсылманбеков (15.11.1934 жылы туған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы) – онколог ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1996)Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5.
Өмірбаяны Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1957) бітірген. 1957 – 1972 жылы еңбек жолын Жезқазған кенішінде телімдік терапевтен бастап, Қарағанды облысының онкология дипансерінің бас дәрігері болды. 1972 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) онкология курсының меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды хирургиялық жолмен емдеуге арналған. Өңеш, асқазан қатерлі ісігін хирургиялық және терапиялық жолмен емдеу тәсілдерін жетілдірді. Ол өңештегі қатерлі ісікті сылып тастаудың ерекше әдісін тауып, соның нәтижесінде өңеш қатерлі ісігімен ауыратын науқастардың операциядан кейінгі өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін нәтиже алды. Операциядан кейін науқастардың өлімін және дертінің асқынуын азайтуға мүмкіндік беретін адаптациялық, инвагинациялық., т.б. анастомоздардың (грек. anastomуsіs – саңылау, шығатын жер) түрлерін жасады. 13 өнертабыстың авторы, халықаралық деңгейдегі 2 патенті бар, 20 өнертабыстық ұсыныс енгізген.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Сілтемелер МҰСЫЛМАНБЕКОВ Қани Жұмкенұлы
Санат:Қазақстан онкологтары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы түлектері Санат:Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының профессорлары